Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

 


Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения
"Средняя школа № 16 имени Толегена Айбергенова" акимата города Астана
г. Астана ул. Кенесары, 81 


  
                                                                                       

8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

.

«Тарих мұрасы» жобасы

06.12.2018ж. Астана  қаласы Білім басқармасы және Астана қаласы әкімдігінің «Балалар мен  жасөспірімдердің  туризмі  және өлкетану  орталығы» МКҚК  ұйымдастыруымен  Астана қаласындағы мектеп мұражайлары арасында «Тарих мұрасы» жобасы аясында, «Өлкетану», «Тәрбие және білім», «Рухани жаңғыру» бағдарламаларын іске асыру шеңберінде қалалық «Үздік мектеп мұражайы»  сайысы өтті. 

  Мақсаты:  Мектеп  мұражайларының жұмыс тәжірибесін анықтау және жинақтау.

         Сайысқа Төлеген Айбергенов  атындағы  №16 орта  мектебінің  «Төлеген Айбергеновтің  мемориалдық мұражайы»  да қатысты.

        Біздің мақсатымыз:  Төлеген  Айбергеновтің  шығармашылығын  дәріптеу, мұражай жұмысын жетілдіру, мұражай мұрағатымен таныстыру, жас ұрпақтың бойына  рухани  тәрбие беру, ұлттық  құндылықтарымызды  арттыру.

         Мұражайда қонақта болғандар: А.А.Остапец-Свешников атындағы «Халықаралық балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану Академиясының корреспондент мүшесі  Сейтбатталова Мағрифа Тасыбаевна,  Балалар мен жасөспірімдердердің  туризмі  және өлкетану орталығының  Экскурсия бөлімінің меңгерушісі  Карабаева Гульнара Болатовна, Орталықтың әдіскерлері Серікқызы Эльмира, Исабаева Бибігүл Бақытжанқызы қатысты.

   Таныстырылымды 7 «А» оқушылары Карпенко Кирилл мен Мырзагелді Нұрай үш тілде жүргізді. Оқушылар Бейсембекова Адия, Бейсенова Алтынай, Бектилла Жұлдыз, Лахан Іңкәр ақынның «Ана», «Бір тойым бар», «Сен менің өзімді көрсең» атты өлеңдерін оқыды. Таныстырылым соңында Т.Айбергеновтің өлеңіне жазылған Роза Әлқожаның әні «Атамекен» әні, мектеп гимні орындалды.

    Іс-шара соңында мектеп директоры Балжан  Айтмұхаметова мен  Мағрифа Сейтбатталова  оқушыларға, мектеп мұражайына өздерінің тілек,пікірлерін білдірді.

 



Просмотров: 570

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Полезные ссылки

г. АСТАНА 2024 год, Средняя школа №16 им.Т. Айбергенова
ул. Кенесары, 81 тел. 8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год